00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Бауыржан Исламхан футболға қайта оралды

31.03.2023 | 19:59
Елорда ақпарат
30

Қазақстан құрамасының ойыншысы, допинг қолданғаны үшін спорттан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан футболға ресми түрде қайта оралады, деп хабарлады Elorda.info

Kazfootball.kz сайтының жазуынша, 29 жастағы футболшының дисквалификациясы бүгін аяқталған.

Бүгіннен бастап ол кәсіби клубтармен жаттығу жасап, желтоқсан айында жаңа келісімшартқа отыра алады.

Еске салсақ, Бауыржан Исламхан 2020 жылдың қыркүйегінде допингпен ұсталды. Бұл кезде ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Әл-Айн» клубының намысын қорғап жүрген болатын.

Футболшы кәсіби мансабында 311 матчта өнер көрсетіп, 74 гол соққан және голға айналған 71 пас берген.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 46 ойын өткізіп, 3 гол соқты.

Барлық жаңалықтар