00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды

31.03.2023 | 18:29
Елорда ақпарат
27

Британдық боксшы Крис Юбэнк кіші (32-2, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шығуды көздеп отыр, деп хабарлады Elorda.info

Sports.kz сайтының жазуынша, журналистердің бірі Юбэнкке блиц форматында қарсыласын қысқаша сипаттауды ұсынған, ал британдық спортшы Головкинді атаған.

GGG – менің келесі қарсыласым, – деді ол.

Оқи отырыңыз: Головкинге рингке шығуға тыйым салынды

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі қыркүйек айының ортасында өтті. Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалды.

Ал Крис Юбэнк ақпан айында рингке шығып, жерлесі Лиам Уильямсты жеңді (23-4-1, 18 КО).

Барлық жаңалықтар