00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан құрамасы Черногорияны ойсырата ұтты

31.03.2023 | 18:13
Елорда ақпарат
32

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынын сырт алаңда өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің құрамадан бұл ойында Лео, Эдсон, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов және Тайнан көзге түсті. Черногория құрамасы Маркович соққан голмен жауап қайтарды. 

Осылайша, Кака шәкірттері екі ойында алты ұпай жинады және турнир кестесінде көш бастап тұр.

Қазақстан келесі матчты 9 қарашада Алматыда черногориялықтарға қарсы өткізеді. Кездесудің басталуы жергілікті уақыт бойынша 20:00-де.

Барлық жаңалықтар