00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Новак Джокович Astana Open турнирінде ойнайды

31.03.2023 | 17:25
Елорда ақпарат
19

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыртуымен Астанада 1-9 қазанда өтетін ATP 500 жарысында ойнайды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, сербиялық спортшы 23-25 қыркүйекеті Лондонда өтетін Лэйвер кубогына қатысады, содан кейін елордаға келеді.

Сонымен қатар Astana Open додасында «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары: Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) өнер көрсетеді. Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) және басқалар бар.

Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР), Весли Колхоф (4 АТР), Жан-Жюльен Ройер (5 АТР), Марсело Аревало (6 АТР), Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич   – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах  –  Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.

Барлық жаңалықтар