00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Біз ешкімнен қорықпаймыз!»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жолдады

31.03.2023 | 17:17
ҒаниАтымтай
35

Белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан оралатынын айтып, жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Боксшы бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Біз бармыз, ағайын. Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк туды желбіретеміз, бұйыртса. Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады. Біз қауіпті қарсыласпыз. Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады! Біз өз жолымызды салдық! Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық Бұйыртса қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз. Жеңісті күнде жолығайық! - деді Жәнібек Әлімханұлы.

 

Барлық жаңалықтар