00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан басым түсті

31.03.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
25

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Матч Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтті. Тартысты ойында Қазақстан 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Біздің құрама сапынан Эдсон (хет-трик), Альберт Акбаликов пен Дуглас Джуниор көзге түсті.

Бүгін, яғни 20 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Еске салайық, Рикардо Кака шәкірттері футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне дайындықты жалғастырып жатыр. Топтағы қазақстандықтардың қарсыластары Словения мен Черногория құрамалары болады.

Барлық жаңалықтар