00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

31.03.2023 | 17:15
Елорда ақпарат
28

Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альварестен ұтылғаннан кейін келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info

Головкин «Канелодан» жеңілгенімен, орта дивизионда WBA Super және IBF чемпионы атағын сақтап қалды. vRINGe.com сайтының жазуынша, енді ол WBA Super чемпиондық атағын қорғап қалу үшін міндетті түрде кубалық Эрисланди Ларамен қолғап түйістіруі керек.

Кубалық боксшы WBA World титулының иегері. Оның жасы Головкинмен шамалас. 39 жаста. Головкинге WBA Super белбеуін қорғау немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға бес күн уақыты бар.

Головкин үшін «Канеломен» жекпе-жек «Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясы және DAZN платформасымен келісімшарт бойынша соңғы айқасы болды. Ал Лараның жекпе-жектерімен Эл Хэймонның «Premier Boxing Champions» компаниясы айналысады. Енді отандасымыз «РВС» жобасына қосылуы мүмкін. Ал онда 32 жекпе-жек өткізіп, соның бірде біреуінде жеңілмеген WBC чемпионы Джермалл Чарло бар.

Барлық жаңалықтар