00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Үстел теннисінен Алан Құрманғалиев ірі турнирде топ жарды

25.02.2023 | 13:28
Елорда ақпарат
42

Ол 15 жастағы спортшылар арасында чемпион атанды. Құрманғалиев турнир барысында даниялық Янус Беседті (3:0), Үндістаннан келген Баламуруган Раджасекаранды (3:1), неміс Фридрих Кун Фон Бургсдорфты (3:1) және швед Питер Алестедтті (3:0) жеңді.

Жартылай финалда отандасымыз кореялық Ли Сын Суға мүмкіндік бермеді – 3:0. Шешуші матчта Алан Құрманғалиев Оңтүстік Корея командасының тағы бір өкілі Квон Хекпен кездесті. Текетірес 3:1 есебімен аяқталды – қазақстандық спортшы турнирді алтын жүлдемен аяқтады.

Айта кетерлігі, бұл спортшымыз үшін халықаралық деңгейде жеңіп алған 15-ші марапаты болды.

Барлық жаңалықтар