00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Футзалдан әлем чемпионатының ойындар кестесі белгілі болды

25.02.2023 | 11:46
Елорда ақпарат
29

Айта кетейік, ұлттық құрама бесінші топқа түскен болатын. Қарсыластары – Словения және Черногория.

Қазақстандық футзалшылар алғашқы ойынын өз алаңында осы жылдың 8 қазанында Словенияға қарсы өткізеді. Одан кейін 12 қазанда сырт алаңда Черногориямен шеберлік байқасады. Ал Черногориямен өз алаңындағы ойыны 9 қарашаға белгіленсе, Словениямен тағы бір кездесу 2023 жылдың 8 наурызында болады.

Еске сала кетейік, негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған төрт үздік команда тікелей элиталық кезеңге шығады. Екінші орын иеленген қалған сегіз команда өтпелі ойындар арқылы тағы төрт жолдаманы сарапқа салады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы төртінші орынға табан тіреді.

Барлық жаңалықтар