00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

25.02.2023 | 10:06
Елорда ақпарат
58

"Барыс Арена" мұз айдынында өтіп жатқан балуандар бәсекесінің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Самат Ерғалиев және “Қазақтелеком” АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биыл он біріншін рет өтіп жатқан дүбірлі додаға 36 балуан қатысып жатыр.

Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "бүк" ұпайынсыз өтуде.

Балуандар додасын жанкүйерлер Qazaqstan, Qazsport арналары арқылы тікелей эфирден көре алады.

Турнирді Мәдениет және спорт министрілігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Qazaqstan Barysy" қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастыруда.

Барлық жаңалықтар