00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

2024 жылы қандай ірі спорттық іс-шаралар өтеді?

03.01.2024 | 08:15
70
Фото: Olympics.com

Жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары (19.01 – 02.02)

2024 жылы 19 қаңтар-1 ақпан күндері аралығында алғаш рет Азия құрлығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. 

— Олимпиада ойындарында 15-18 жас аралығындағы 1900 спортшы қатысады деп күтілуде.

— 7 спорт түрінен 15 дисциплина бойынша 81 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Қазақстан бұған дейін өз тарихында 2 күміс, 5 қола жүлде иеленген. 

Париж Олимпиадасының іріктеу турнирлері

Басты додаға 6 айдан астам уақыт қалды. Елімізден әзірше 16 лицензия бар. Алдағы жоспар: қатысушылардың санын 90-ға жеткізу.  Әр іріктеу турнирі әлем чемпионаты секілді болғандықтан, кішігірім іріктеудің өзі тартысқа толы болмақ. 

Конькимен жүгіру спортынан жеке қашықтықтардағы Әлем чемпионаты (15-18.02)

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты (18-24.03)

Футболдан Еуро-2024 додасының іріктеу кезеңі.

Грекия-Қазақстан; Грузия – Люксембург (21-26.03)

Қазақстан футбол құрамасы ЕУРО-2024 турнирінің финалдық кезеңінде ойнау үшін, сырт алаңда Грекиямен жолығады. 

Хоккейден Әлем чемпионаты. Чехия (10-26.05) 

Былтыр Ресей және Беларусь азаматтарына әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынғандықтан, құрамамыз отандық жас хоккейшілерден жасақталған болатын. Нәтижесінде басты аутсайдер болса да, жарқын ойынымен жоғарғы дивизионда өз орындарын сақтап қалды. 

Дзюдодан әлем чемпионаты (19-24.05)

Футболдан Америка кубогы (10.06 – 12.07)

Футболдан Еуропа чемпионаты (14.0-14.07)

ХХХІІІ жазғы Париж Олимпиада ойындары (26.07-11.08) 

Париж Паралимпиадасы (28.08-08.09)

Әр Паралимпиада ойындарында отандық спортшыларымыздың нәтижесі жақсаруда. Осы жолы да жерлестеріміз жүлде сапасы бойынша рекордты жаңартуы мүмкін. 

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (08-15.09)

Астана қаласы алғаш рет түркі халықтарының басын біріктіретін ірі спорттық шараны өткізеді. Бұған дейін  2022 жылы Түркиядағы ойындарға 100-ге жуық елден 3 мыңдай спортшы жүлдеге таласқан еді. 

Бүкіләлемдік достық ойындары (15-29.09)

Ресей және Беларусь мемлекеттері жазғы Олимпиада ойындарына ресми түрде қатыса алмайтындықтан, басымдықты Мәскеудегі ойындарға береді. Жеңімпаздарға қомақты сыйақы тағайындалса, қатысушылардың да саны көп болуы мүмкін.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар