Elorda.info

Қарсыласын нокаутқа түсірген боксшы рингте сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Ресейлік боксшы Василий Войцеховский отандасы Гасан Гасановпен қолғап түйістіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Осыдан кейін спортшы шаршы алаңда сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлады Elorda.info РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

Қарсыласын нокаутқа түсірген боксшы рингте сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Қос былғары қолғап шебері арасындағы бокс кеші 9 маусымда Мәскеу қаласындағы түнгі клубтардың бірінде өтті. Войцеховский қарсыласын бесінші раундта нокуатқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, бұл Василий Войцеховскийдің тоғызыншы жеңісі. Боксшы мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Жекпе-жектен соң Василий Войцеховский шаршы алаңға сүйіктісін шақырып, тұрмысқа шығуға ұсынысын жасады. Боксшының болашақ жары оған келісімін берді.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт