00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Мен – қазақпын!»: Теннисші Александр Бублик азаматтығына қатысты мәлімдеме жасады

25.02.2023 | 05:38
Елорда ақпарат
43

Бұған дейін Булблик Қазақстан құрамасына Дэвис Кубогының финалдық турниріне өтуге көмектескен еді. Ол Қазақстан құрамасындағы мүмкіндіктері жайлы айтты. 

Менде Ресейдің паспорты жоқ, өйткені екі азаматтықпен жүруге болмайды. Ресей теннис федерациясына ешқандай қатысым жоқ. Мен қазақпын, алты жылға жуық осы елдің құрамасында өнер көрсетіп келемін. Дэвис Кубогында, Азия және Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғап жүргенімді мақтан тұтамын, - деп келтірді Бубликтің сөзін Eurosport.de.

Айта кетейік, Ұлыбританияның лаун-теннис Ассоциациясы (LTA) ресейліктер мен беларусьтерге Уимблдон-2022 мен басқа да жарыстарға қатысуды тыйым салды. Теннисші бұл шешімге қатысты өз ойын айтты. 

Бұл дұрыс па, жоқ па, баға бергім келмейді. Бірақ бұған қатысты не ойлайтынымды қуана бөлісемін.

Бұл - билік пен ұйымдастырушылардың шешімі. Бұған құқықтары бар. Ал мен үшін спорт - шынайы өмірден көңілді бөлетін дүние. Сондықтан, меніңше, спорт саясатпен араласпауы керек. Спорт теледидар алдында демалып, сүйікті командаңды немесе ойыншыңды бақылау үшін керек. Қазір шектеліп қалған фанаттарға обал, - деді қазақстандық теннисші. 

Барлық жаңалықтар