00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Футзалдан журналистер арасында республикалық турнир өтті

25.02.2023 | 05:17
Елорда ақпарат
29

18 команда қатысып, екі күнге созылған дүбірлі додада «Қазмедиа» командасы жеңімпаз атанды.

Финалда «Қазмедиа» командасы «Qazaqstan-Qazsport» командасынан 5:3 есебімен басым түсті. Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде оңтүстік журналистерінен құралған «Шымкент» командасы «7 арнаны» 3:0 есебімен жеңді.

Марапаттау рәсіміне «БАҚ лига» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан қатысты.

Айта кетейік, турнир Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар