00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Головкин-Мурата жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

25.02.2023 | 03:54
Елорда ақпарат
57

«Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінің бізге берген ақпаратынша, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар