00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Криштиану Роналду гол саны жөнінен әлемдік рекордты жаңартты

25.02.2023 | 02:28
Елорда ақпарат
61

Португалиялық ойыншы Англия премьер-лигасының 29-турында «Тоттенхэм Хотспур» клубымен матчта хет-триктің авторы атанып, командасына жеңіс әперді (3:2). Осылайша Роналду клубтар мен ел құрамасы сапында соққан гол санын 807-ге жеткізді.

Бұған дейін аустриялық және чехословакиялық форвард Йозеф Бицанның еншісінде 805 гол болған еді. Сонымен қатар Чехия футбол қауымдастығы Бицан ресми кездесулерде 821 гол соққан деген деректі де келтіреді.

К.Роналду футболдағы жолын Португалияның «Спортингінде» бастап, «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус» клубтарында ойнап, бес мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Өткен жылдың жазында «Ювентустан» оны «Манчестер Юнайтед» 15 млн еуроға қайта сатып алды. Содан бері Англия чемпионатында 37 жастағы шабуылшы 24 матчта 12 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Роналдудың ағылшын клубымен келісімшарты 2023 жылы аяқталады. 

Барлық жаңалықтар