00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» анықталды

24.02.2023 | 19:18
Елорда ақпарат
37

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен бұл жарыстың мақсаты – елімізде ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы саламатты өмір салтын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірегейлікті сақтап, одан әрі бекіту үшін қазақ күресін дамыту.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайысқа «Сарыарқа батырлары» республикалық турнирі, ҚР кубогі және ҚР чемпионатынан «Qazaq kuresi» ассоциациясы бекіткен рейтингтік жүйе арқылы ұпайлар жинап, 8 салмақ дәрежесі бойынша үздік атанған 64 балуан қатысты. Олардың ішінде «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, «Әлем барысы» Мақсат Исағабылов сынды елімізге танымал балуандар бар.

Жалпы жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құраған турнирде жеңімпаз атанған балуандарға «Бас балуан» атағы берілді. Сондай-ақ, әрқайсысына 10 мың доллардың сертификаты табысталды.

Сонымен, қазақ күресінен 8 салмақ дәрежесіндегі ең мықтыларды анықтаған турнирдің жеңіспаздары төмендегідей:

  1. Бекжан Төлепов (55 кг., Қызылорда обл.).
  2. Ержан Еренқайыпов (60 кг., Нұр-Сұлтан қ.).
  3. Армат Есқазиев (66 кг., Алматы қ.).
  4. Шалқыбек Рахметоллаев (74 кг., ШҚО).
  5. Айдар Бескемпір (82 кг., Жамбыл обл.).
  6. Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг., Шымкент қ.)
  7. Бекзат Ахметбеков (100 кг., Қарағанды облысы)
  8. Мақсат Исағабылов (+100 кг., Қызылорда облысы).
Барлық жаңалықтар