Elorda.info

Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

Мексикалық боксшы Данте Хардон (41-7, 25 КО) жартылай орта салмақта Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) IBO белбеуі үшін кездесуге шықпайтын болды, деп хабарлады Elorda.info.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

Хардон жаттығу барысында қолын сындырып алған. Дәрігерлер оған жекпе-жекке қатысуға тиым салған. 

Айта кетейік, Елеусінов – Хардон кездесуі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кешінде өтуі тиіс болатын. Данияр Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіретіні жазылған болатын.

Кеш аясында шаршы алаңға ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновқа (36-5-1, 27 КО) қарсы шығады. Бұдан бөлек, Данияр Елеусіновтің ағасы Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО), Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО), Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) өнер көрсетеді деп жоспарланған. 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт