Elorda.info

Данияр Елеусіновтің титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Елордада өтетін бокс кешінде Данияр Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон болмақ. Ол жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуінің иегері, деп хабарлады Elorda.info.

Данияр Елеусіновтің титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Отандасымыз бен мексикалық спортшының жекпе-жегінде IBO Inter-Continental белбеуі сарапқа салынбақ.

Данте Хардон кәсіпқой бокста 34 рет жеңіске жеткен (оның 25-і нокаутпен) және 7 мәрте жеңіліс тапқан.

Ал отандасымыз Данияр Елеусінов 10 мәрте жеңіске жеткен, оның алтауында қарсыласын нокаутпен жеңген.

Еске сала кетсек, былғары қолғап шеберлерінің кездесу 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Осы кештің андеркартында ауыр салмақтағы Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен жұдырық түйістіреді. 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт