00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады

24.02.2023 | 15:20
Елорда ақпарат
43

Ойынның негізгі бөлігі 2:2 есебімен тең аяқталғанмен, біздің жігіттер пенальтиден мүлт кетті.

Қос команда да матч басынан-ақ шабуылға көшкен. 23-минутта португалиялық Пани Қазақстан қақпасынан саңылау тапса, Дәурен Нұрғожин қысқа уақытта таразы басын теңестірді. Ал 42-минутта Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды. Оған көп ұзамай Бруну Коэлью жауап қайтарды.

Кездесу тағдырын шешкен пенальти тебуде Португалия 4:3 есебімен ұтып, шешуші сынға жолдама алды.

Енді ұлттық құрама қола жүлдеге Бразилиямен таласады. Мачт 3 қазанға жоспарланған.

Португалия – Қазақстан – 2:2 (пенальти – 4:3)

Голдар: Пани Варела 23, Бруно Коэльо 48 – Нұрғожин 40, Дуглас 41

Барлық жаңалықтар