00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Бүгін Қазақстан құрамасы Португалиямен кездеседі

24.02.2023 | 15:16
Елорда ақпарат
41

Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталады.

Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады. Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді.

Ал Португалия топтық кезеңде С тобында Таиландты 4:1, Соломон аралдарын 7:0 есебімен тізе бүктіріп, Мароккомен 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Келесі кезекте 1/8 финалда Сербияны 4:3, 1/4 финалда Испанияны 4:2 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.

Барлық жаңалықтар