00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Түркияда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының таныстырылымы өтті

27.02.2024 | 14:00
76
Фото: бейнебаяннан скриншот

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі. Режиссерлері - Ғалым Асылов пен Жәнібек Ғұсманов. 

Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен, оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз, – деді режиссер.

Оның айтуынша, бейнебаян түсіруге 70-тен астам Қытайдан келген мамандар тартылған, ал түсірілім жұмыстары Алматыда өткен. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалған.

Барлық жаңалықтар