00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуіне тосынсый жасады

19.10.2023 | 11:00
83
Фото: видеодан скрин

Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуі Дарханға күтпеген жерден тосынсый жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Фариза Төреәлі күйеуі тапсырыс берген көлікті уақытынан ерте алғызған.

Жолдасым өзіне бір ай бұрын көлік тапсырыс берген. Әлі бірнеше ай күту керек деп ойлап жүр еді. Ертерек келетінін білмеді. Ал біз қайын ағаммен ақылдасып, тосынсый жасайық деп келістік. Жақындарымды таңғы асқа шақырып, тосынсый ұйымдастырып жібердік. 

Шыны керек, әрдайым оқырмандарды, жақындарымызды қуантуды бірінші орынға қойып, түрлі сыйлық жасаудан екеуіміз рахат алып, соған үйреніп қалған екенбіз. Дархан қалауындағы көлікке отырып жатса да, екеуіміз әлі сенбей жүрміз. Құтты болсын, жаным. Тек жақсылыққа мініңіз, қуанышты күніміз көп болсын, - деп жазды Фариза Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Cadillac Escalade 2023 көлігінің нарықтағы бағасы 65 млн теңгеден басталып, 95 млн теңгеге дейін жетеді. 

Барлық жаңалықтар