00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

RinGo тобы: Батырдың кеткені жеңіл болмады

11.09.2023 | 12:30
87
Фото: «Түнгі студия» бағдарламасынан

Танымал топтың мүшелері әнші Батыр Байназаровтың топтан кеткенін, алайда өзгелері өнер әлемінен алыстамағанын мәлім етті, деп Elorda.info.

RinGo тобының қалған мүшелері «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болды. Көпшілікке 2006 жылдан бері кеңінен танылған RinGo тобы бүгінгі таңда қайда жүр? 

Біз халықпен қоштасқан емеспіз. 2019 жылы Батыр (Байназаров - ред.) топпен, халықпен қоштасты. 2020 жылы карантин басталып кетті. Бірақ біз RinGo тобы халықпен қоштаспадық. Халықтан ұсыныс түссе, біз барамыз. Он бес жылдан бері бірге топта болғасын, Батырдың кеткені жеңіл болмады. Батырмен араласып тұрамыз. Бірақ оның таңдауына шек қоя алмаймыз. Ал біз өнер жолымызды жалғастырып келе жатырмыз, - деді топ мүшесі Данияр Өтеген. 

Айта кетейік, RinGo тобы 2006 жылы құрылған. Топ құрамында бүгінде Аян Бірбаев, Әділжан Омаров, Данияр Өтеген қалды. Қазіргі таңда RinGo тобының қоржынында тыңдарман сүйіп тыңдайтын көптеген ән бар. 

Барлық жаңалықтар