00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды»: Фариза Төреәлі қазіргі жағдайы жайлы жазды

24.11.2023 | 05:00
40
Фото: instagram.com/farizatoreali

Белгілі блогер, Фариза Төреәлі денсаулығына қатысты түркиялық дәрігерлердің тексерісінің қорытындысы туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info

Оған отандық медицина өкілдері қартерлі ісік бар болуы мүмкін деген диагноз қойған болатын. Артынша блогер осы себепті толыққанды тексерістен өту үшін Түркияға барғанын жазған еді. 

Алла ұлық! Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды!  Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік поджелудокта, одан таралып өкпеге кеткен деген.. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза! 

Әлі шок күйіндемін.. бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер.

Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін “соңғы күн” секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат. Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды,  - деп жазды блогер.

Барлық жаңалықтар