00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Әнші Qanay: Көшуді ойлап отырмын

07.03.2024 | 06:23
71
Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында уақытша тұру үшін  Атырау, Шымкент, Астана, Ақтөбе қалаларының бірін таңдауды ойлап отырғанын жазған. Алайда, сол күні алыс жолдан келген әнші елді дүрліктірген жер сілкінісін сезбегенін айтады. 

 Жолдан шаршап келіп, жер сілкінісін сезбедім. Жер сілкінісіне байланысты алматылықтар басқа қалаға көшіп жатыр. Маған да сондай ой келді. 2-3 айға уақытша басқа қалаға қоныс аударсам деп отырмын. Қазір Атырау, Шымкент, Астана, Ақтөбе қалаларының біріне көшуді ойлап отырмын.  Оқырмандарым төрт қаланың екеуіне дауыс беріпті. Атырауға барсам, өз туған жерімде рахаттанып жүрем. Бірақ жайлылықтан шыға алмай қалатын сияқтымын. Шымкентке барсам, «Келін бала өз жағына тартып алыпты»,- деген әңгіме тарауы мүмкін. Әзіл ғой. Шымкентке барсам, тәуекелге бел буасың ғой. Оның үстіне арзаншылық. Бірақ Алматы, сені жақсы көрем, - деп жазды әнші. 

Барлық жаңалықтар