00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Әнші Әли Оқапов дауысын жоғалтып алғанын айтты

20.02.2024 | 05:02
61
Фото: ашық дереккөз

Ол күйзеліс кесірінен жоғалтып алған өзінің табиғи әдемі дауысын қалпына келтіру үшін талай маманның алдына барғанын жетікізді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы өнер иесінің өзі  «Менің өмірім»  бағдарламасында егжей-тегжейлі айтып берді. Ол әлі күнге дейін толықтай даусын қайтардым деп айта алмайтынын атап өтті. 

Күйзеліске түсіп, даусымды жоғалтып алған кез де болды. Нақты бірнәрсе болды деп айта алмаймын. Бірнеше жағдай қабаттасқан сияқты. Өйткені, ол тез өте салатын немесе емдей салатын нәрсе емес. Уақыт - емші. Күйзелісте болғанмын, кейде күйзелісте жүремін. Ол бола беретін жағдай. Өнердің адамы болғасын эмоцияға ерік бермесең, өнеріңе кері әсерін тигізеді. Сен эмоцияға, сезімге жақын болуың керек. Сол нәрсенің нәтижесі - ән, шығарма, ойлар, шабыт. Сен оны басқаша шығара алмайсың. Мен - композитормын. Маған жаңа әннің идеясын құрастыру үшін сол сезімдер керек. Бірақ талай күйзелісте болғанмын, жасырғым келмейді. Қайдағы ән? Ұйықтағың да, тамақ ішкің де келмейді. Далаға шыққың келмейді. Кей кезде тіпті өмір сүргің де келмейді. Ол - депрессия. Соған байланысты шығар, даусымды жоғалтып алдым. Әлі күнге толықтай даусымды қайтардым деп айта алмаймын. Жыл сайын 2-3 пайыздан қосылып, қалпына келіп жатыр. Түрлі маманға бардым, "Ештеңе жоқ. Барлығы баста, мида" дейді. Вокал сабаққа қатысып, студияда ән жазып, жеңіп жүрмін. Дауысты жібітетін, жұмсартатын дәрілер де бар. Ол қадамға да бардым", - дейді Ә. Оқапов.  

Барлық жаңалықтар