00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Меруерт Түсіпбаева жедел жәрдем қызметіне көңілі толмайтынын айтты

14.12.2023 | 05:00
93
фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Достарым!! Әл-Фараби Гагарина көшесіндегі үйімде, бір жұмысшы 3 саусағын бірдей кесіп алып, мені шақырды. Мен біздің қаламыз Алматыда, жедел жәрдемді шақыру сонша қиын екенін білмеппін!! 40 мин бойы , мүлдем телефон тұтқасын бір жан болмады көтеретін. Содан, жұмысшының өміріне қауіп төніп тұрған соң, бір сағаттай хабарласа алмай, ауруханаға өз көлігіммен апардым. Розыбакиев көшесінің бойындағы жедел жәрдем станциясына да хабарластым. +7 (727) 376-58-99 бір айел, 3 мин мені тыңдады да телефон тұтқасын қоя салды. Бұл мемлекетте тәртіп орнай ма, жоқ па?! Сұмдық қой?! Ақыры мүлдем тел көтермеді?! Біз не үшін салық төлеп отырмыз?! Жұмыс істемесе Алматы қаласының жедел жәрдем бастығы орнын босатпай ма?! Телефондары жұмыс істемей ме?, – деді әнші.

Қаланың қақ ортасындағы мекенжайға жедел жәрдемнің келмеуіне қатты таңғалған.

Гагарин көшесі, 330 мекенжайына келмеді. Мен түсінем, қаланың шеті болып, жете алмай қалса. Алматы1, Думан, Алтын орда жақта тұратын адамдар шақырса не болады?!. Олар өле беруі керек пе, жедел жәрдемге жетпеді, – деді әнші.  

Барлық жаңалықтар