00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Меруерт Түсіпбаева: «Төрешті жазғырмаңыздар» деп неге жазғанымды түсіндіргім келеді

19.07.2023 | 10:30
56
Фото: Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасынан алынды

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасында ұлына бейтаныс жанның көмектескенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

балам.jpg

Әншінің айтуынша, баласы бір қателік жасап, оған әйел адам жөн сілтеп, жәрдемдесіп жіберген. Бұған риза болған Меруерт Түсіпбаева жақсылығы алдынан шыққанын жазды. Бұдан бұрын ол «Төреғалиді жазғырмаңыздар» деп пост жазған болатын.  

-Құрметті оқырманым! Төреәлі туралы жазған постымды талайлар қабылдай алмады. Біреулер «Қарға қарғаның көзін шұқымайды»  деп бізді қарғаға теңеді, біреулер, «хайп» деді… Біреулер бірге түскен фотомызды көре сала болжам жасады… Ешкімге жауап беріп ақталғым келмеді, бірақ бүгін мен тебіренген күн болды… Көзіме қуаныштан жас тығылған күн болды… Мен бүгін «Әр қазақ – менің жалғызым»  деген сөздің шын мағынасын ұқтым… Мен бүгін «Төрешті жазғырмаңыздар» деп неге жазғанымды түсіндіргім келді, пост жазар сәтті күнім болды…- деп жазды әнші.

Ол әрі қарай өзінің көпбалалы отбасында өскенін, қыздардың үлкені болғандықтан, бауырларына осы уақытқа дейін қамқор болып келгенін айтты. 

-«Жыртық үйдің бір құдайы бар» дейді ғой, жасырмаймын, мен локомотив болдым, әлі де солай… Кішкентай кезімнен бауырларымды бағып-қаққандықтан (запы болғанмын-ау шамасы), көпбалалы ана болуға тырыспадым… Құдай сол тілегімді қабыл алған-ау, 10 бала жеткізе ме, бір бала жеткізе ме дегендей, бір тал бала берді ғой, шүкір. Балам есейе келе, қолымнан келгенше ұлыма көп көмек беруге тырыстым…. Сол сәттерде ішімнен жалбарынып: “Баламның алдынан жақсы адамдар шықсыншы “деп сұрайтынмын… Жақсылық жерде қалмайды екен, ағайын… Бүгін көзім жетті! Бүгін, бір қиын ситуацияда бейтаныс әйел  балама жөн сілтеп, көмек берді… Жай ғана «бұл бір қазақтың баласы ғой, ертең болашағына кедергі болмасыншы» деп, ақылын айтып, уақытын бөліп, қолын бір сілтемей, менің балама өз баласындай қараған бейтаныс жан, аман болыңыз! Бала түгілі, ересектер қателеседі. Пендеміз ғой… - деді Меруерт Түсіпбаева.

Әнші постын «Жығылғанға жұдырық болмайық», «Бәріміз бала өсіріп отырмыз ғой, ешкімнің баласын табалап, сөкпейік!» деген пікірлермен аяқтады. 

Барлық жаңалықтар