00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Мен сенің жанкүйеріңмін»: Димаш Құдайберген словакиялық талантты Қазақстанға шақырды

29.01.2024 | 04:45
73
Фото: ашық дереккөз

Видеодан әншінің словакиялық15 жастағы скрипкашы Тео Гертлердің виртуоздық ойынына 

тәнті болғанын көруге болады. 

Димаш Құдайберген жас талантты Қазақстанға келуге шақырды.

Мен сенің жанкүйеріңмін, - деді Димаш жас музыкантқа.

Желі қолданушылары жазба астына «Біздің Димаш керемет әнші ғана емес, жастарға қолдау білдіре алатын мотиватор да! Осы бағдарламада қазылар алқасы болғаныңыз үшін рақмет!», «Қаншама талантты балалар, жастар бар. Бала көңілі қандай таза! Олардың бәрін үнемі осылай қолдап жүру керек! Олардың дарынын тани білген, құрметтеген Димашқа рақмет!», «Сіз жақсылықтың елшісісіз» деп пікір білдірген.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Virtuosos V4+ таланттар байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысқан болатын. Жоба финалистері Венгрия, Польша, Словакия, Украина және Чехиядан келген жас музыканттар болды.

Барлық жаңалықтар