00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

«Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық»: Төреғали Төреәліге ағасы тұлпар сыйлады

21.02.2024 | 05:02
65
Фото: instagram/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі ат таңдап жатқан сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Әртістің сөзінше, ағасы бұл тұлпарды осыдан төрт жыл бұрын атап берген екен. 

4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын!

Тұлпар десе жан бар ма туламаған, 

Тулағанда қолыма туды ала алам. 

Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық 

Жасаған жасай берсін Ұлан ағам. 

Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан! – деп жазды әнші.  

Өнер иесі енді оқырмандарының көмегіне жүгініп, олардан тұлпарына қандай ат қоюға болатынын сұрады. Желі қолданушылары бұл тұрғыда өз нұсқаларын айтып, ағасының асқан жомарттығына тәнті болған. 

«Таутөре, Төреторы күшті келеді», «Бақторы, Аттт», «Ағаңыз жарапты, еркек ретінде сөзінде тұрыпты», «Тұлпарды нағыз ер адамға сыйлайды», «Жомарт екен ағаңыз», «Төреат деп қойсаңызшы», - деп жазды көпшілік. 

Барлық жаңалықтар