00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әли Оқапов Алматыдағы жер сілкінісі кезіндегі әсерімен бөлісті

29.01.2024 | 05:00
59
Фото: дереккөз

Әнші Әли Оқапов Алматыда болған жер сілкінісінен кейін өмірге деген көзқарасы біршама өзгергенін жазды, деп хабарлады Elorda.info 

Ол жер сілкінісі басталған сәтте өз үйінде ойланып, болашаққа жоспар түзіп отырғанын айтады.   

Бір күні түнде балконда терең ойда отырдым. Болашаққа жоспар құрып, шешімдерім жайлы ойландым. Жетістікке жету, өзімді дамыту жолдарын қарастырып отырғанда жер сілкінісі басталды. Сол кезде өмір сүру оңай болып кеткендей. Барға-шүкір, жоққа-сабыр. Бас аман болсын ең бастысы", - деп жазды танымал өнер иесі. өзінің Instagram парақшасында. 

Желі қолданушылары болса,  «Шынымен, ең бастысы - өмір»  «Өте дұрыс айтасыз. Ең бастысы - бәріміз аманбыз. Жоспарларымыз бәрі уақытша», «Сөздеріңізбен толықтай қосыламын», - деп оның жазбасына қолдау білдірген пікір жазып жатыр.  

Барлық жаңалықтар