00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Крутой» көліктерден ұялып, мәшинемді алысқа қойып кеттім - режиссер

23.10.2023 | 10:00
47
Фото: murat_yeszhan

Белгілі кәсіпкерден жаңа көлікті сыйға алған «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмнің режиссері Мұрат Есжан өзінің Instagram парақшасында ризашылығын білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Енді жасыратын несі бар, айта берейінші. Жаңа шара боп жатқан жерде кіл жаңа, крутой көліктердің қасына қоюға ұялып, мәшинемді алысқа қойып кетіп едім. Терезесі ашылмайтын, багажнигін ішінен еңбектеп кіріп ашатын бұл көлікке де өкпе жоқ. Тақылдаса да, уілдесе де тоқтамай жүріп тұр. Бір емес, екі сериалды осымен жүріп түсірдік. Енді жаңа көлікпен жаңа жобалар жасауды жазсын! - деп жазды Мұрат Есжан.

Естеріңізге сала кетейік, жақында меценат, кәсіпкер Сырымбек Тау «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік сыйлаған еді.  

Барлық жаңалықтар