00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Келінжан» телехикаясындағы қаламақысы ең қымбат актер кім?

12.10.2023 | 05:30
101
Фото: kelinzhan_tv

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова танымал отандық телехикая "Келінжандағы" ең көп қаламақы төленген актерді атады. Ол бұл жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

"Ең қымбат актриса, Лейла апай. Мен ақшасын айтып отырмын. Ол кісі арзан актер болмауы керек деп ойлаймын. Сөйлеп қалатын актриса ол - Дариға Бадықова. Телехикаяға түскен актер мен актрисалардың жалқауы жоқ. Мен жалқау актер ұстамаймын. Ұмытшағы - Сара Амангелді мен Дәулет Өсербай", - деді Гүлнұр Мамасарипова. 

Актриса Лейла Бекназар «Келінжан» сериалында үш ұлдың анасы және үш келіннің енесі Күлімханның рөлін сомдайды. 

Айта кетейік, бұған дейін басты рөлдегі актерлердің 20-25 күнге 5 млн теңгеден кем емес ақы алатыны айтылған еді. 

Жібек Наурыз

Барлық жаңалықтар