00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Көптен бері ауырып жүрген Жүрсін Ерман аяққа тұрды

17.01.2024 | 10:00
54
Фото: ашық дереккөз

Соңғы жылдары  қатты сырқаттанып, төсек тартып қалған  ақын Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарғаны туралы сүйінші хабар тарады, деп хабарлады Elorda.info

Жақсы жаңалықпен айтыскер Қазырет Бердіхан әлеуметтік желіде бөлісті.   

 Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне барды. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы жоқ. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар, - деп жазды ол. 

Еске сала кетейік, былтыр айтыс өнерінің тарланы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған. Артынан ақынның қызы әкесінің денсаулығына алаңдап жазба қалдырған болатын.  

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ

Барлық жаңалықтар