00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Кәмшат Жолдыбаева: Үлкейіп келе жатырмын

09.01.2024 | 10:00
99
Фото: kamshat__zholdybaye

Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева өзінің Instagram парақшасында екіұшты жазбасымен көпшілікті ойландырып тастады, деп хабарлады Elorda.info.

Қалдарыңыз қалай? 2024-тегі алғашқы «жүріп өтуім». Бара-бара мұндай жай «жүрістерден» тұратын контенттерді де қысқартуға ниеттімін, үлкейіп келе жатқанымның белгісі ме, бір Алла біледі. Сіздермен бір амандасып, амандығымды білдірейін деген жүріс қой. Оның үстіне ауа райы да тамаша. Сіздерде не жаңалық? Қалай үлкейіп жатсыздар, - деп жазды ол. 

Жолдыбаеваның образы желіде қызу талқыға түсті. Оған қоса әнші арудың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесінің аяғы ауыр деп болжауда.

«Күйеуі мықты тәрбилеп тастаған», «Өзгеріп кетіпті. Керемет образдары қайда? Не болып кеткен?», «Осындай Кәмшат сұлу», «Орамал сыртынан бас киім киетіндерді түсінбеймін», «Алла енді қос-қостан ұл берсін», «Аяғыңыз ауыр секілді», «Сахнадан неге кетіп қалдың? Орамал не үшін? Не болып жатыр өзі?», «Бұрынғы Кәмшат ұнайды», «Жазбасы екі ойлы екен. Үлкейіп дегені аяғы ауыр дегені ме?», - деп жазуда көпшілік. 

Барлық жаңалықтар