00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз»: Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға жауап берді

05.02.2024 | 10:05
79

Нағима, шын жүректен сені құттықтаймын. Бүгін мен өзім ем алып, екпеден келіп отырмын. Сен екеуміз әлі ұзақ өмір сүруіміз керек. Бала-шағаны өсіруіміз қажет. Балаңның үйленіп, немере сүйгеніңді қалаймын. Ұлдарымыздың, немере-шөберелеріміздің бақытын көруді қалаймын. Халық әртістері көп болсын. Неғұрлым көп болса, соғұрлым олардың арасында шығармашылық бәсеке болады. Бұл қызық. Сахнада Кеңес Одағында халық әртісін алған үш әйел бармыз. Сен, мен және Мақпал. Бірақ үшеуіміз үш түрлі әлембіз, - деді Роза Рымбаева.

Сол кезде сөзге араласқан мерейтой иесі Нағима Есқалиева Мақпал Жүнісованың «Халық әртісі» атағын Одақ тұсында емес, Қазақстаннан алғанын айтады.

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде қысқаша пост жазды.

Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін, - деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші Нағима Есқалиеваға ренішін білдірді.

Мен апамды жақсы білем, менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ, талай жерде сен «Халық әртісін» менен ерте алып қойдың» деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін. Менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан, - деді М.Жүнісова.

Желіде пікір жазғандар оған қолдау көрсеткен.

«Мақпал Жүнісова әр қазақтың жүрегінде, ең бастысы», «Әрине сіз ең құрметті ееең ерке әншісіз», «Халық өзіңді жақсы көреді, шындық!», «Қалжыңдап жатыр ғой Мақпал апай», «Мақпал апай, оларға мән берменіз, іштен шыққан жау жаман деген осы жерде айтылған екен ғой», - деген пікірлер бар.

Барлық жаңалықтар