00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Ерке Есмахан анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады

15.02.2024 | 10:02
41
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында анасымен бірге түскен суретін салып, туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Жаны мақпалдай жұмсақ анашым! Келіп жеткен туған күніңіз құтты болсын! Мама, ұзақ жасаңыз, ауырмаңыз! Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің алдында аман-сау, күліп-ойнап жүріңіз. Менің еркелеп, ән салып жүргенім алдымен Алланың, екінші осы жан анашымның дұғасы, сосын сіздердің сүйіспеншіліктеріңіздің арқасы. Аналарымыз аман болсын! -  деп жазды әнші өз парақшасында. 

Әншінің оқырмандары да анасын туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін», «Анаңыздың туған күні құтты болсын», «Осындай анадан туған Ерке бақыттысыз» - деп жазды желі оқырмандары. 

Барлық жаңалықтар