00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Дильназ Ахмадиева құрбысы Мақпал Исабекованың сатқындық жасағанын айтты

21.02.2024 | 10:04
48

Өнер иесі анасынан басқа ешкімге сене алмайтынын жасырмады. 

Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Анам ғана ең жақын құрбым. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын, – деп шынын айтты Д.Ахмадиева. 

Сонымен қатар, әнші ұлының диагнозы барын да жасырмады. 

Тоғыз жыл күткен ұлым Зейданның денсаулығы сыр беріп жүр. «ЗПРР» деген диагноз қойды. Оны естігенде есеңгіреп қалғаным рас. Қабылдау қиын болды. Бірақ ондай диагноз екінің біріне қойылады екен. Қазір ұлымды емдетіп жатырмын. «Балабақшаға берсең, балалармен ойнап кетеді» деп ақыл айтатындардікі – ақымақтық. Балаға бірінші ата-анасы көмектесуі керек. Барлық қиындықтың шығатын жолы бар, – деді өнер иесі. 

Барлық жаңалықтар