00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Батылдығыңды құрметтеймін»: Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шақырған спортшыға жауап берді

11.03.2024 | 05:58
47
Фото: ашық дереккөз

Джек Делла Маддалена Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық файтер Гилберт Бернсті нокаутпен жеңген болатын.   Осы сәтте ол октагонда тұрып Шавкат Рахмоновқа үндеу тастады. 

Бұл дивизионда мықтылар көп, бірақ мен бәрінен мықтымын. Шавкат Рахмонов, сен үздіктердің бірісің. Екеуіміз жекпе-жек өткізе аламыз. Кеттік, – деді ол.

Қазақстандық спортшы бұл шақыртуға былайша жауап жазды.

Мен сенің батылдығың мен сенімділігіңді құрметтеймін, Джек. Бірақ сені менің осы уақытқа дейінгі қарсыластарым бастан кешкен тағдыр күтіп тұр, – деп жазды Рахмонов  X желісіндегі ресми парақшасында.   

Барлық жаңалықтар