00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Қазақстан аруы» Димаштың қолтаңбасы бар домбыраны аукционға шығармақ

13.02.2024 | 09:56
76

«Әлем аруы-2023» конкурсы осы жылдың 18 ақпаны мен 9 наурызы аралығында Үндістанда өтеді. Томирис Кәкімова әлемнің 100-ден аса елінен келген арулармен сынға түседі. 

Мен «Әлем аруы» байқауы аясында ұйымдастырылатын аукционға жай ғана музыкалық аспап емес, өзіндік тарихы бар, еліміздің мәдениетінен сыр шертетін домбыраны сыйламақпын. Домбыраға Димаш Құдайберген қолтаңбасын қойған. Қазақ мәдениетінің символына айналған ұлттық аспапты ұсынғанымды мақтан етемін. Оның мағынасы өте терең. Өйткені 2018 жылы дәл сол алаңда Димаш Құдайберген өнер көрсеткен еді. Халық жылы қабылдап, көпке дейін Димаштың даусы көрермен құлағында жаңғырып тұрды. Ал бізді оның өнері жаңа жетістікке жетуге шабыттандырды, – деп жазды «Қазақстан аруы». 

Айта кетейік, жыл сайын аукцион «Әлем аруы» конкурсының аясында ұйымдастырылады. Барлық түскен қаражат әлеуметтік және экологиялық жобаларды қолдауға жұмсалады. Қайырымдылық аукционына елінің атынан құнды дүние ұсыну – әр қатысушының міндеті. 

Қазақ халқы үшін домбыра – сәттілік тұмары ғана емес, бірлігіміздің күш-жігері. Еліміздің мақтанышын дүниежүзіне паш ететініме бақыттымын. Үлкен аренада жеңіске жетуімізге бір қадам жақындағаныма сенімдімін, – дейді бойжеткен. 

Еске салайық, 2018 жылы Димаш Құдайберген Мумбайдағы Jio Дүниежүзілік конференция орталығында өнер көрсеткен еді. Дәл осы алаңда «Әлем аруы –2023» сайысы өтеді. 

Барлық жаңалықтар