00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Алаяқтар Қайрат Нұртастың екі қызын алдап кеткен

24.05.2023 | 18:30
92
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Нұртастың екі қызы интернет алаяқтарына алданып қалған, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова «Хабар» телеарнасындағы «Оян» таңғы бағдарламасында айтты. 

NUR.KZ порталының жазуынша, әншінің екі қызы интернет-дүкеннен киімге тапсырыс беріп, ақшасы төленген заттарын ала алмаған. Жұлдызды отбасы алаяқтарға тап болағанын дәлелдей алмаған. Бұл мәселе төңірегінде әлеуметтік желідегі алаяқтыққа қарсы жастар қозғалысының өкілдері өз пікірін бөлісті. Олардың айтуынша, алаяқтар жалған интернет-дүкендер арқылы жиі алдайды. Мамандар бұл қылмыс түрінен сақтану үшін интернет-дүкеннің мекен жайын мұқият тексеріп, ақша жіберетін банк карточкаларына абай болу керек екенін ескертті.

Сондай-ақ жалған интернет-дүкендердің парақшаларында пікір қалдыру бөлімі көп жағдайда жабық болатынына назар аудартты. Хабар барысында мамандар алаяқтарға алданып қалмаудың ең оңай тәсілдерін айтты. 

Қоғамға пайдалы іспен айналысып жүрген жастар 2 жылдың ішінде көптеген алаяқтық схемаларды әшкерелеп, алданып қалған 40 шақты адамның ақшасын қайтарып алуға көмектескен. 

Барлық жаңалықтар