00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қайрат Әділгерей невропатологтың көмегіне жиі жүгініп жүр

04.10.2023 | 05:30
71
Фото: instagram/bakyt_turman

Әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы соңғы уақытта үйінде ыдыс-аяқ жиі сылдырлайтынын айтты. Әнші Instagram парақшасында күйеуіне тағы да невропатологқа баруға ұсыныс тастады, деп хабарлады Elorda.info.

"Жұмыс көп, жоспар көп болғасын ба екен, Қайрат соңғы күндері нервный. Ыдысымыз сылдырлап кете беретін бопты. Сол себепті "Тап қазіргі сәтті бағала" деген қағидамен жүретін болдым. Кім білсін, не боп кетерін? Невропатологқа тағы бір барып қайтамыз ба?", - деп жазды Бақыт Тұрман. 

Айта кетейік, осыған дейін Бақыт Тұрман әзілкештің ел білмейтін мінезі жайлы баяндап берген болатын. "Шынымен де Қайраттың ашуы жаман. Тез ашуланады. Қазір кішкене қойды. Үйде талай зат сынды... Ашуланған кезде өзін ұстай алмайтын сәттер болады. Қазір орта буынбыз ғой. Жас кезінде аяқ астынан құтырып, тебетін. Сосын мен "Олай болмайды. Нервопатологқа, психологқа бару керек" деп айттым. Сосын невропатологқа жібердім", - деген болатын Бақыт Тұрман. 

Барлық жаңалықтар