00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Абай Бегей күйеу баласымен алдын ала неге таныспай қойғанын айтты

28.11.2023 | 10:00
87
фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Абай Бегей  «Ұрпақ» подкастында үлкен қызы тұрмысқа шығатын кезде не себепті күйеу баласымен таныспағанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әншінің сөзінше, оның бұл тұрғыда ұстанатын өмірлік қағидасы бар екен. 

Қызым «тұрмысқа шығамын» деді. Жақсы деп, бірден келісімімді бердім. Сосын маған "күйеу баламен таныстырайын деп едім" деді. Мен «күйеу бала маған ұнамай қалған жағдайда оған шықпай қаласың ба?» деп сұрадым. «Жоқ шығамын, соны қаладым» деді. «Онда маған көрсетпе, мен оны көрмеймін»дедім. Ұзату тойын жасадым. Тойда 700 адам болды. Тойын жасап, батасын бердік. Күйеу баланы сол кезде көрдім. Амандастым да, қызымды тапсырдым. Болды. Әлі күнге дейін мен күйеу балама телефон соқпаймын. Ол кейде маған құттықтап, хабарламалар жіберіп тұрады. Менің ұстанымым сондай. Егер маған адам ұнамай қалса, мен жаман болып қаламын. Кейін өтірік араласа алмаймын. Сосын қызыма тойдан кейін «маған күйеу баланы жамандама» дедім, - деді Абай Бегей.

Барлық жаңалықтар