00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ақбота Керімбекова сырқаттанып қалды

05.03.2024 | 11:01
52
фото: instagram.com/botakerim

Армысыздар менің барша Меркі және Тараз еліндегі тыңдармандарым! Келе жатқан мерекеміз құтты болсын! 6-7 наурызда өтетін Тараздағы және Меркідегі концертімді кейінге шегеруге тура келіп тұр. Себебін өздеріңіз де байқап отырған шығарсыздар, қатты сырқаттанып қалдым. Ең бастысы елдің тыныштығы мен амандығы. Әлі алда талай шығармашылық кештер болады деген ойдамын. Ең бастысы, ауырмайық! "Адамның емес,Алланың дегені болатыны" рас қой, келетін сынақ та, дерт те бәрі Алладан. Сол үшін тағы да кешірім сұраймын! Жақын күндері барлық қазақ жерін аралап сіздермен қауышатын боламын, Алла сол күнді нәсіп қылсын! Көңілдеріңізге ешқашан қаяу түспесін!,-деді ол.

Сонымен қатар әнші билет алған адамдардың ақшасы қайтарылатынын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар