00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Ма Ша Аллах»: Қара хиджапқа оранып алған Жолдыбаева дінге бет бұрғанын айтты

31.03.2023 | 21:50
ҒаниАтымтай
43

Әнші Алтынай Жолдыбаева соңғы уақытта дінге құштар екенін айтты, деп жазады Elorda.info. 

Ол соңғы жылдары жауапты шешімдер қыбылдап, өмірінде маңызды қадамдар жасаған көрінеді.

Парақшамдағы оқырмандар былай тұрсын, жеке танитын жандардың біразы менің дінге деген құштарлығыма таңғалып жатыр. Иә, бұл – өмір және ол сондай. Мен бүгінгі күні аспаннан салбырап түскен жоқпын. Кезіндегі Алтынайды есіме алсам, ол ханымның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін құбылыстар – оның бүгінгі таңдауы және өмірі. Қызық, иә?

Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес. Мен ешқашан ақымақ болған емеспін, шүкір. Әке-шешем маған тәрбие бере білді. Кәмелет жасқа толғанда «что-то пошло не так». Содан беталды батыстың мәдениетіне қатты еліктедім. Анашым қазақтың салт-дәстүрі, тәрбиесі, құндылықтары туралы көп айтатын, айтып та келеді. Кезінде оны түсінгісі келмей мұрнын шүйіретін Алтынай, міне бүгін өз ұлтының мәдениетіне шынайы ғашық, – деп жазған әнші.

Алтынай Жолдыбаеваның бұл қадамын қуанышпен қабылдап жатқан оқырмандары аз емес. 

«Алла адастырмайтын тура жолына салып, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!», «Сіз үшін өте қуаныштымын! Аллахым салиқалы үмбеттерінен етсін. Қандай кейіпте болсаңыз да сұлусыз», «Жарайсың!», «ма Ша Аллах», - деп жазып жатыр желі оқырмандары.

 

 

Барлық жаңалықтар