00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Диана Тәшімбаева «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырылды

31.03.2023 | 21:34
Елорда ақпарат
43

«Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары «Әлем аруы Қазақстан-2022» атанған 19 жастағы алматылық Диана Тәшімбаевадан титулын тартып алды. Бұл туралы ұйымдастырушылар комитеті ресми мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Әлем аруы Қазақстан-2022» тәжін киген Диана Тәшімбаеваның жариялаған жазбалары мен тікелей эфирдегі айтқан барлық жалаларын ескеріп, біз оны бұл атақтан айырдық. Оның айтқан жалалары тек ұйымдастырушыларға ғана емес, басқа да қатысушыларға зиянын тигізіп отыр. Біз мұны өзгенің еңбегін бағаламау, сыйластық танытпау деп санаймыз. Қарапайым қыздардың жұлдыз болуы үшін ұйымдастырушылар комитеті тек үлкен жұмыс қана жасамайды, сонымен бірге серіктестер мен қатысушылардың алдындағы үлкен жауапкершілікті арқалайды, – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың есебінше, Диана Тәшімбаеваның байқауға қатысуы, оның пиар-компаниясын ұйымдастыруға, имиджін дайындауға қомақты қаражат кеткен. Сондықтан олар Тәшімбаеваны мұндай атаққа лайық емес деп шешкен.

Бұған дейін белгілі болғандай, Диана Тәшімбаева ұйымдастырушылар комитетін сынап, олардың «Әлем аруы» байқауына баратын шығындарын қаржыландырудан бас тартқанын айтқан.

Барлық жаңалықтар