00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Өте қуаныштымын!»: Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

25.02.2023 | 10:58
Елорда ақпарат
66

Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында жазды.

Оқи отырыңыз: Сот Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті мақұлдады

Баян Мақсатқызы биыл өзі үшін өте маңызды жыл болғанын жеткізді.

Немерем дүниеге келді. Менің отбасылық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлем бойынша салтанатты шеруін жалғастыруда, қазіргі күйеуіме қатысты әділдік орнады. Ал бүгін бұрынғы күйеуім Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. Бір ай бұрын, оның өтініші бойынша, мен оның босатылуына қарсы еместігі туралы өтінішке қол қойдым. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды және ол жақын арада босатылады. Мен өте қуаныштымын және оған денсаулық және барлық жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерімнің разылығы үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етемін! – деп жазды ол.

Барлық жаңалықтар