00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Қазақ эстрадасының негізін қалаған – мен!»: Қыдырәлі Болманов мақтанып қойды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:03
Елорда ақпарат
57

Эстраданың қазақша үлгісін алғаш болып мен жасадым десем, артық болмайды. «Ұлытау», «АБК», Қарақат, әрқайсысы бөлек. Эстрадада унисонмен ән айтқан бірінші дуэт Қыдырәлі мен Қарақат болса, бүгінгі таңда Аллаға шүкір, жетеді. Қазір біздегідей дуэттер саны Ресейде, Өзбекстанда, Тәжікстанда, айналамызда жоқ, – деді продюсер «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында.

 «АБК» тобы – Болмановтың алғашқы жеңісі. Продюсер топтың қалай құрылған кезін еске алды.

«АБК»  –эстрададағы алғашқы топ, «Тамшылар» – алғашқы клип. «АБК» тобын менің алғашқы үлкен жеңістерімнің бірі деп есептеймін. Өйткені біз эстрадаға келген кезде барлығы таза орысша болатын. Жұлдыздар көп, ішінде қазақша топ, қазақша әнші жоқ. Кеңес Одағын айтпай-ақ қояйын, бер жағын алайын.

Ол менің намысыма тиді. Өз елімізде, жерімізде не болды мынау? Сіресіп қалған мұзды қалайда төңкеру керек. Бұл біздің ел, біздің Алматымыз емес пе? «АБК» – намыстан туған топ. Құрылды, бірінші клип түсірілді, әрі қарай маған Алла көмектесті. Бұл клип жарылыс жасады. Бүкіл рейтингтерде бірінші орындарда айлап, жылдап тұрды.

Жалпы идеологиялық кеңістігімізді кеңейту үшін мен амалдарды өте жақсы қолдандым, – деді Болманов.

Барлық жаңалықтар