«Сенат пен Мәжіліс басшылары құттықтады»: Жүрсін Ерман 73 жасқа толды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Zhursin_a_a_6eb0a07533.jpg)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман 73 жасқа толды. Осыған орай, Elorda.info туған күн иесіне хабарласып жеке мерекесімен құттықтады.
Туған күніңізбен аға, жаңа жасыңыз мол жақсылығымен келсін!
Рахмет айналайын. Өздерің де аман болыңдар!
Денсаулығыңыз қалай? Қайда ем алып жатырсыз?
Шамалы жақсарып келемін. Жалпы алғанда жаман емес. Қазір үйде ем-дом қабылдап жатырмын.
Жыл сайын туған күніңізбен жан жарыңыз Бақытжамал апайдан басқа, кім алғашқы болып құттықтайды?
Балаларым мен келіндерім, немерелерім. Қазір ғана Қарағандыдағы келінім хабарласып, құттықтады. Одан бөлек, Сенат пен Мәжіліс басшылары да ақжарма тілегін білдіріп жатыр. Батырбек, Төлеген деген інілерім де жылы лебіздерін жолдады. Жақсы сөз қашан да көңілге демеу ғой. Таң атпастан айтылып жатқан сансыз құттықтаулардан жаным жадырап отыр.
Жалпы, туған күнді жылда қалай қарсы аласыз?
Әдеттегідей, жақындарым мен өзге де азаматтардан жылы лебізге толы құттықтауларды қабылдап, жақындарымның жанында өткіземін. Биыл денсаулық жағдайыма байланысты, үйде атап өтеміз.
Естеріңізге сала кетейік, ақын Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда бұрынғы Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. «Жанартау», «Арайлы күн армысың», «Екі тізгін бір шылбыр» т.б. сынды бірнеше жыр жинақтар мен 100-ден аса мақаланың авторы.
Ақын өткен жылы Республика күні мерекесі қарсаңында Президент жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды.
Сұхбаттасқан, Дариға Құрманәлі
![Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның әнұранын орындады](/img/articles/010bb7b05674f76479a89b3fb992bdc5.jpg)
![Димаштың Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды](/img/articles/474a89ac39032876631906e9bb5feb01.webp)
![Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады](/img/articles/12cdd70842baf02641917e1e0d1c2a0b.jpg)
![Елімізде Ұлттық кітап күні белгіленді](/img/articles/2e031832e81e21d2b9c3e0b8c8b28831.jpg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)